Ізгілік ізі

Уақыты: 07.09.2017
Оқылды: 1389
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Балаларды қорғау, оларға көмек қолын созып, қамқорлық жасау әрбір азаматтың парызы болуға тиіс.
Осы қағиданы ұстанған Панфилов аудандық әділет басқармасының қызметкерлері жылда өткізілетін «Мектепке жол» акциясына бұл жолы да белсенді қатысып ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ, аз қамтылған отбасы балаларына қол ұшын берді.
Басқарма қызметкерлері 10 баланы мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, Шежін орта мектебінің оқушысына қажетті киім-кешек алып беріп, баланы шат-шадыман күйге бөледі. Басқарма басшысы Марат Сағымбек акция барысында балаларға жаңа оқу жылында табыс тілеп, алдағы уақытта да көмек қолын созуға дайын екендіктерін айтты.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ.
Панфилов  ауданы.