Енді қазақстандықтар зейнетақы қорынан берілетін төлемдерге салық төлемейді

Уақыты: 18.09.2024
Оқылды: 117
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын төлемдерге салынатын жеке табыс салығы алынып тасталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы мәжілісте жаңа салық кодексін таныстырған ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. 

"Жаңа салық кодексінде Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату көзделген", – деді вице-министр.

Сонымен қатар жаңа ережеге сай Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салық төмендетіледі:

- 10 жылдан жоғары – 30%-ға;

- 20 жылдан жоғары – 50%-ға.

"Сән-салтанат объектілеріне салынатын салықты ұлғайту міндетін іске асыру үшін мыналар ұсынылады: жалпы құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке салынатын мүлік салығын арттыру; кедендік құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге қосымша акциз; қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен әуе кемелеріне қосымша акциз салығы", – деді Азамат Әмрин. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда банк шоттарын бұғаттау ережелері өзгертілетіні туралы жазған едік. 

Фото: Freepik