ТҰРҒЫНДАР ДӘН РИЗА

Уақыты: 05.06.2018
Оқылды: 1130
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қарасай ауданында  ағынды суларды тазарту   құрылымы іске қосылды. Облыс бойынша экология департаменті Елбасының стратегиялық даму жоспарын орындау барысында 2001 жылы құрылған қағаз және картон  өңдейтін «Қазақстан Қағазы» компаниясы туындатқан экопроблеманың шешілуіне басшылық жасап, нұсқау беріп,  үшжақты меморандумның орындалуын қадағалады.

2015 жылы «Алтын Орда» базары және Іргелі, Абай жанындағы қағаз өңдеу сүзгі алаңы ағынды суларды қабылдап, тазарту мүмкіндігі болмағандықтан жағымсыз иіс тұрғындардың наразылығын тудырып, департаментке шағым түсірген болатын. Департамент тарапынан жоспардан тыс тексерістер ұйымдастырылып, ҚР ӘҚБтК бойынша бірнеше айыппұл салынып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Аталған экологиялық проблемаларды шешу барысында экология департаменті тарапынан «дөңгелек үстелдер», ауыл тұғындары және «Қазақстан Қағазы» компаниясы мүшелерімен, Қарасай ауданы әкімшілігінің қатысуымен бірнеше жиналыстар өткізілген. Нәтижесінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және «Қазақстан Қағазы» компаниясы мен Қарасай ауданы әкімдігі арасында үшжақты  меморандумға қол қойылып, 2017-2018 жылға жұмыс жоспары құрылды. «Қазақстан Қағазы» компаниясы өзіне үлкен жауапкершілік жүктеді.
Осындай игілікті істің соңы жағымды жаңалықпен жалғасын тапты. «Қазақстан Қағазы» ЖШС-нің ағынды суларды тазарту құрылымы іске қосылып, пайдалануға берілді. Көптен бері тұрғындарды мазалап келген сұрақтың шешімі табылды.  Барлығы да дән риза.

Тілеухан БАЙҚУАТОВ,
мемлекеттік экологиялық 
бақылау бөлімінің басшысы