ҮЙГЕ ТІРКЕЛГЕН АДАМДАРДЫ ОНЛАЙН ШЫҒАРУ: ОЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Уақыты: 01.11.2020
Оқылды: 1499
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару онлайн қалай жүзеге асады? Өз баспанаңыздың тіркеу есебінен баспана қожайыны ретінде кез-келген адамды тіркеуден шығара алатыныңызды білесіз бе? Бүгін біз соның екі жолын көрсететін боламыз.

Біріншісі Egov.kz порталы арқылы: порталға кіріңіз; Іздеу жолы арқылы «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» қызметін табыңыз; Қызметті онлайн сұратыңыз; Портал сұратқан мекенжай туралы мәліметтерді толтырыңыз; Портал тіркелген азаматтар тізімін шығарады. Қажетті азаматты "алып тастау" батырмасын басу  арқылы көрсетіңіз; ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз; Тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар өз тарапынан жеке кабинетінде келісімін беруі қажет; Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден білесіз.

Ескерту, өтініш беруші мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы қажет.

Екіншісі ХҚО арқылы: ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз; Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз; Операторға есептен шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін беру ақылы қызметке өтініш беріңіз; Қызмет нәтижесі 5 минутта дайын болады.

Ескерту, ХҚО арқылы рәсімдеген кезде тіркеуден шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін алдын ала білгеніңіз абзал. Білмесеңіз, бұны Egov.kz порталы арқылы жеке кабинетіңізден тіркелгендер тізімін тексеру арқылы білуге болады.

Іске сәт. Қызметті үйде отырып, онлайн рәсімдеңіз!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан