ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Уақыты: 04.11.2020
Оқылды: 1165
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Талдықорған қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлерімен, үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуымен «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Жиын барысында аталған департамент қызметкерлері ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» №165 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты» және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» № 379 бұйрығын жан-жақты түсіндірді.

Шараға қатысушылар үйде қызмет көрсету бойынша ойларын айтып, осындай іс-шаралар тұрақты өткізілсе деген ұсыныстарын жеткізді.

Әйгерім ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы