Тілім менің – тірегім

Уақыты: 12.09.2024
Оқылды: 316
Бөлім: РУХАНИЯТ

2024 жылғы 11 қыргүйекте 5571 әскери бөлімінде «Тілге құрмет – елге құрмет» акция аясында «Тілім менің-тірегім» тақырыбында жеке құрам арасында байқау өткізілді. Сайысқа 3 топ қатысты. Қатысушылар өздерінің топтарын, ұрандарын және киім үлгілерін таныстырып, қорғады. «Тіл- қазына», «Дара-  тілім», «Ана- тілі» деген  топ атауларымен танылды. Жалпы сайыс 6 кезеңді қамтыды.

         «Тілім менің-тірегім» байқауы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен келген «Томирис» би тобының «Шашу» биімен ашылды.Бірінші кезеңде сайыскерлеріміз өздерін танысытырып топтың ұранын айтса, екінші кезеңде мақал-мәтелдердің жалғасы табу басты талап болды. Ал, үшінші кезеңде сайысымызды тамашалап отырған көрермендерге сайыскерлеріміз  мимика арқылы  жасырылған сөзді табу болды. Жеке құрам кері байланыс орнатып, бір үйлесімде жарыс жалғасын тапты.  Төртінші кезеңнің ережесіне сай қатысушылар ақын жазушыларымыздың шығармалары мен  мемлекеттік маңызы бар мерекелерге  қатысты сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап берулері тиіс.  Бұл кезеңнен де  ұландық жауынгерлер ерекше белсенділік танытып өздерінің білімдері мен біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсете алды. Сайыстың бесінші кезеңі  «Сөз құра, тез құра» деп аталды. Ал, соңғы межеге жеткенде жауынгерлеріміздің нағыз өнері  сыналатын шақ болды. Мұнда сарбаздарын  топтық я болмаса жеке –жеке өнерлерін көрсетті.  Жанды дауыста ән шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленсе, тағы  бір топ дараланып Ана тілін ары тұтып, ерекше көрініс көрсетті.Бұл көріністің маңыздылығы мен мән- мағынасы тереңде. Елді сүйсінтті, тебірентті.

          Әр кезең бойынша қатысушыларымызға әділ қазылар тарапынан әділ бағалары қойылып отырды.Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін сөз кезегі 5571 әскери бөлім командирінің тәрбие және                 әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ұлықбек Қараевқа берілді. Сайыстың қорытындысы бойынша үшінші орынды 3 жедел мақсаттағы батальонның атынан өнер көрсеткен «Дара тілім» тобы иеленсе, екінші орынды материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасының атынан өнер көрсеткен «Ана тілі» тобы еншіленді. Ал, жүлделі бірінші орынды 1 жедел мақсаттағы батальонның  сарбаздары «Тіл қазына» тобы  жеңіс тұғырынан көрінді.

        Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға 5571 әскери бөлімінің командирі атынан грамоталар мен алғыс хаттар табысталды. Сайыстың ұйымдастырушысы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының (мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі) аға көмекшісі аға лейтенант Байсеркеева Мерей Қайратқызының атынан жүлделі орындарға ие болған сайыскерлерге  арнайы сыйлықтар берілді. Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқара отырып, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқандары үшін  әртүрлі сыйлықтарға ие болды. Соның ішінде  жеңімпаз жауынгерлерге естелікке жеке-жеке қол сағаттарын сыйлады.

          Сайыс соңы «Отаным» әуезді әнімен, тамаша көңіл-күймен аяқталды. Мұндай мемлекеттік маңызы бар мерекелерге орай ұйымдастырылған іс-шараның келер ұрпаққа берер өсиет өнегесі мол. Әсіресе, жас  ұрпақты ана тілінің                        қадір-қасиетін білуге, ана тілін сүюге, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге және тіл тазалығын сақтауға негізделеді. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі қашанда биік болсын!

ТжӘҚЖ бөлімшесі бастығының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға көмекшісі

аға лейтенант Байсеркеева Мерей Қайратқызы