АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АУЫСТЫ

Уақыты: 06.02.2021
Оқылды: 1520
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасұлан Естенов Алматы облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жасұлан Тоққожаұлы 1971 жылы туған. Қазақ ауылшаруашылығы институтын ауылшаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушы экономисі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында «Мадияр» шағын кәсіпорнында бухгалтер болып бастады. Әр жылдары Алматы қаласы Медеу, Алмалы аудандары бойынша салық комитеттерінде салық инспекторы, Алматы қаласы Алмалы аудандық қаржы бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша қаржы департаментінің бөлім басшысы, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың қаңтар айынан Алматы қаласындағы «Ер-Ай Инвест» ЖШС директорының кеңесшісі болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"