ЖАҢБЫР, ҚАРЛЫ БОРАН, КӨКТАЙҒАҚ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУА РАЙЫ

Уақыты: 09.02.2021
Оқылды: 1065
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 2021 жылдың 8-9 ақпан күндері Алматы облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 18-23 м/с-қа дейін жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90 пайыз.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға, мүмкіндігінше, алыс жолға шықпауға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"