АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ТАУ БАУРАЙЛАРЫНДА ҚАР КӨШКІНІ ЖҮРУІ МҮМКІН

Уақыты: 11.02.2021
Оқылды: 950
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тағы бір ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде Іле Алатауы баурайларында, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның көп түсуіне және тұрақсыз қар жамылғысының жай-күйіне байланысты 11-12 ақпан күндері қар көшкіні жүруі мүмкін. "Қар көшкініне байланысты тұрғындарға сақтық шараларын ұстануды сұраймыз. Қардың еруіне байланысты тік беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыз", - дейді төтенше жағдай қызметінің өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"