ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БЕС ҚЫЗМЕТКЕРІ "ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ" АТАНДЫ

Уақыты: 11.02.2021
Оқылды: 1246
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстандағы 48 жоғары оқу орнында қызмет ететін 150 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2020» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Мерейі өсіп, марапат алғандардың арасында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бір топ оқытушысы бар. Алматы облысының абыройын көтеріп, қасиетті білім шаңырағына еселі еңбек етіп жүрген Смағұлов Есенғали Жексембайұлы, Ыбыраимжанов Қалибек Тұрдығазыұлы, Есенғабылов Ілияс Жансеркенұлы, Беделбаева Әсел Ерікқызы және Жұмағулов Тимур Байжұманұлы аламанда ат оздырып, байқауда топ жарып шықты. Университет ұжымы үздік оқытушыларды жеңіске жетуімен шын жүректен құттықтап, кәсіби біліктілігін дәлелдеп, ғылыми әлеуетін таныта білген әріптестеріне толағай табыс, шығармашылық өріс тіледі. Біз де өз тарапымыздан университет абыройы асқақтай берсін дегіміз келеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"