АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА -23 ГРАДУСҚА ДЕЙІН АЯЗ ТҮСІП, БОРАН СОҒАДЫ

Уақыты: 22.02.2021
Оқылды: 859
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК дауылды ескертуі негізінде 22-25 ақпан аралығында өңірде қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар күтілуде. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын жел болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. 25 ақпанда ауа температурасы күрт төмендеп, 10-15, кей жерде 18-23 градусқа дейін аяз түседі.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"