ТАЛҒАРДА ЕКІ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСЫП, 41 ЖАСТАҒЫ ЖҮРГІЗУШІ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 10.03.2021
Оқылды: 830
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар ауданында көлік апатынан 41 жастағы жүргізуші мерт болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, оқиға таңғы сағат 08:00 шамасында Талғар - Ақбұлақ тасжолында болған. Алдын ала болжам бойынша «Mitsubishi Galant» көлігінің жүргізушісі «Паз-3206» автокөлігіне жол бермей қойған. Салдарынан екі көлік соқтығысқан. Оқиға орнында «Mitsubishi Galant» көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Өзге зардап шегушілер жоқ. «Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сот алды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген департамент хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"