ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕШКІӨЛМЕС АУЫЛЫНА ЖИНАЛДЫ

Уақыты: 11.03.2021
Оқылды: 1001
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Көктем-2021» оқу-жаттығуы шеңберінде практикалық іс-шара ұйымдастырды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Шара Ескелді ауданының Ешкіөлмес ауылында өтті. Оқу-жаттығу барысында шұғыл ден қою отрядтарын жинау қолға алынды. Сондай-ақ, халықты эвакуациялау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін облыс орталығынан құтқару бөлімшерінің күштері мен құралдары (жедел-құтқару жасағы, өртке қарсы бөлімдер, апаттар медицинасы орталығы) тартылды. Шараға барлығы 65 адам мен 20 бірлік техника жұмылдырылды.

Тұрғындарды эвакуациялау және АҚЖ жүргізу үшін ЖҚЖ, ӨСБ №3, «ӨС және АҚЖҚ» ММ күштері тартылды. Бұл шараның Ешкіөлмес ауылында өтуінің себебі бар. Өйткені, бұл өңірде су тасқыны бойынша қауіптілік жоғары.

Осы уақыт ішінде ТЖ жою бөлімінің жеке құрамы, сондай-ақ, №23 ӨСБ Қарабұлақ инженерлік техниканы тарта отырып, ирригациялық арықтар мен каналдардың жағаларын тазарту және нығайту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 500 метр суармалы арық желісі тазартылды. 50 қап инертті материалдар төселді. 2 шатыр орнатылды. Жылытуға арналған пункт және эвакуацияға ұйымдастырылған тамақтану пункті, ұйықтайтын орындар, тамақтану орны қамтылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"