ТАУҒА ШЫҒУҒА БОЛМАЙДЫ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

Уақыты: 11.03.2021
Оқылды: 1299
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға маңызды ескерту жариялады.

Маңызды хабарлама "Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 11 наурыздағы дауылды ескертуі негізінде жасалып отыр. Іле Алатауы тауларының баурайларында, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның мол түсуіне және тұрақсыз қар жамылғысының жай-күйіне байланысты 11 наурызда қар көшкіні жүруі мүмкін.

Тұрғындарға қар көшкінінің ықтимал еруіне байланысты тік қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыз!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан