КҮННІҢ КҮРТ ЖЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАР ЕРІП, ҚОПА АУЫЛЫН СУ БАСТЫ

Уақыты: 13.03.2021
Оқылды: 875
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қопа ауылында түнде су тасқыны болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Оқиғаны КТК телеарнасы көрсетті. Ұсынылған видеодан көрініп тұрғандай, қызыл су үйдің іші-сыртын басып қалған. Күннің күрт жылынуының салдарынан қалың қар кенет еріп, ауыл шетіндегі үйлерге зақым келтірген. Құтқарушылар арық қазып, аулаларды судан тазартты. Тұрғындар да аман-есен өз үйіне оралды. Алайда үш отбасы далада қалған. Су шайған үй тұруға жарамсыз.

Бұл жайында Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Азамат Жұртбаев: "Еріген судың төгілу қаупі жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп сұхбат берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"