ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ГАЗБЕН ЖҮРЕТІН КӨЛІК ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫНҒА ОРАНДЫ

Уақыты: 13.03.2021
Оқылды: 701
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар ауданының Панфилов ауылында "УАЗ" көлігі жанып кетті. Көлікке жуырда ғана газ жүйесі орнатылған болып шықты. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Алдын ала нұсқа бойынша, газ отынына көшкен "УАЗ" көлігі өз-өзінен отқа оранған. Өртенген көлік артқа қарай сырғып, қақпаға соғылды. Жақын маңдағы ауылдардан да өртенген көліктің көк түтіні көрінген. Зардап шеккендер жоқ.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті автокөліктің өртенуіне газдың сыртқа шығуы себеп болғандығын нақтылады. Төтенше жағдайларды жою және газ қызметтерінің күштері шақырылған орынға дереу жетті. Газдың сыртқа шығуы ауыздықталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"