АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КОВИД ЖҰҚТЫРҒАН 22 АДАМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР

Уақыты: 15.03.2021
Оқылды: 1104
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында соңғы мәлімет бойынша, коронавирус расталған барлығы 11442 жағдайы тіркелді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 76 дерегі анықталды. Соның 16-сы – Талғар ауданында, 15-і – Талдықорған қаласында, 9-ы – Панфилов ауданында, 7-еуі – Жамбыл, Қарасай аудандарында, 5-еуі – Көксу ауданында, 4-еуі – Еңбекшіқазақ ауданында, 3-еуі – Іле ауданында, 2 жағдайдан – Ұйғыр, Ескелді, Қаратал аудандарында, 1 жағдайдан – Кербұлақ, Райымбек аудандарында, Қапшағай, Текелі қалаларында болды. Олармен байланыста болған 328 адам анықталды, олардың барлығы үй карантинінде медициналық бақылауда.

Ауруханада 564 адам ем қабылдауда, соның 22-сі ауыр халде, 399 адам амбулаториялық ем алып жатыр. Бүгінде Алматы облысында зертханалық ПЦР тестен 476 474 адам өтті. Соңғы үш күнде 3231 адам тексерілген.

Қазіргі кезде вакцинаның алғашқы компоненті 3778 адамға салынды, ал жалпы вакцинаның екі компонентімен 1367 адам қамтылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан