АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 15.03.2021
Оқылды: 1092
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалымжан Темірғалиұлы Дәрібаев облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Ғалымжан Темірғалиұлы 1988 жылы туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы қаржы басқармасының компьютер құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі операторы болып бастаған. Әр жылдарда Алматы облысы қаржы басқармасының бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы, осы бөлімнің, сол сияқты басқару аппараты және әлеуметтік салалар, білім, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттің орындалуын талдау және бақылау бөлімдерінің бас маманы, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алу және мониторинг бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2017 жылдың тамыз айынан – Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"