ТҰМАН ТҮСЕДІ, БОРАН СОҒАДЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫ ӨЗГЕРЕДІ

Уақыты: 19.03.2021
Оқылды: 2148
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның хабарламасы негізінде маңызды ескерту жариялады. Бұл жайында "Жетісу" газеті хабарлады.

2021 жылдың 20-21 наурызында Алматы облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай қатты жел соғады. Желдің екпіні кей жерлерде 15-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ, Алматы облысының кей жерлерінде қалың тұман түседі деп күтілуде.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"