САРЫӨЗЕК МАҢЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН 28 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ МЕРТ БОЛДЫ

Уақыты: 23.03.2021
Оқылды: 1294
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Алматы - Өскемен" тас жолында көлік апатқа ұшырап, 28 жастағы әйел мерт болды. Бұл жайында "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«Жол апаты кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Болжам бойынша, «Toyota Camry» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі солтүстікке қарай жүріп бара жатып, жылқыны қағып кеткен. Салдарынан оқиға орнында 28 жастағы жолаушы мерт болды. Көлік жүргізушісі Сарыөзек ауылының ауруханасына түсті. Аталған жол апаты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес, сот алды тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Жол апаты Алматы-Өскемен тас жолының 149-шы шақырымында болған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"