БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН ТӨРТ АДАМНЫҢ ӨМІРІ ҚИЫЛДЫ

Уақыты: 25.03.2021
Оқылды: 1251
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бақанасқа баратын тасжолда көлік апатынан 4 адам көз жұмды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Оқиға түскі сағат 14:15-те болған. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі аталған қайғылы жағдайды растады. Болжам бойынша, «Toyota Land Crusier» көлігінің 58 жастағы жүргізушісі шығысқа қарай жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Toyota Mark 2» көлігіне соғылған.

Жол апаты болған жерде «Toyota Mark 2» көлігінің үш жолаушысы және «Toyota Land Crusier» жүргізушісі мерт болды. Бірінші көліктің жүргізушісі мен «Toyota Land Crusier» жолаушысы Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"