ҚОРАМДА ТАҒЫ БІР ОҚИҒА: ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ҮЙ АУЛАСЫНДА АУДАРЫЛДЫ

Уақыты: 26.03.2021
Оқылды: 884
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында тағы да жол-көлік оқиғасы болды. Бұл жолы жеңіл көлік өзгенің қоршауын бұзып кіріп, аударылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқиға Наурыздағы демалыста болды. Алдын ала ақпарат бойынша, жеңіл көлікті жүргізген адам ішімдік ішпеген. Ол көлікті жүргізіп келе жатқанда мотоцикл шыққан, оған соғылмас үшін өзгенің ауласына бұзып кіріп, осындай жағдай болған. Зардап шеккен ешкім жоқ. Көлік жүргізуші жеңіл жарақат алған. Ол үйдің қоршауына келген шығынды өзі өтейді. «Үстінен құзырлы органға шағым түспеді», - деді Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі Динара Төлемісова.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданындағы дәл осы Қорам ауылында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кеткен болатын. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Балалар 8-9 жаста. 14 наурыз күні бір оқушы ауруханада есін жимастан көз жұмды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"