ҮЙДЕГІ ПЕШІҢІЗ ЖЫЛУМЕН БІРГЕ УЛЫ ГАЗ ДА БӨЛЕТІНІН ҰМЫТПАҢЫЗ!

Уақыты: 26.03.2021
Оқылды: 1470
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті пеш жағу маусымына байланысты тұрғындарға маңызды ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Пеш жағу маусымында улы газбен улану жағдайларын болдырмау үшін үш айда бір рет түтіндіктерді тазалау, пештердегі ақаулықтарды уақытымен жөндеп, жарықтарды майлау қажет. Сондай-ақ:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз, сонымен бірге оны балалардың қарауында қалдырмаңыз;

- жағу үшін дайындалған отынды пештің алдындағы темір тақтайшаға қоймаңыз;

- пешті қатты қыздырмаңыз;

- пешті пайдалану нұсқаулықтарында қарастырылмаған жанғыш заттарды отын ретінде қолданбаңыз (қатты, сұйық, газды);

- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отынды) пештің үстінде және мұржа құбырынан 0,5 метр ара қашықтықтан жакын жерде кептіруге жол бермеңіз;

- желдеткіш және газ каналдарын түтіндік ретінде пайдаланбаңыз.

Пеш жағу кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан