АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАУ ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ӨЗЕНДЕР ТАСУЫ МҮМКІН

Уақыты: 27.03.2021
Оқылды: 1368
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті қатты жауын салдарынан су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде оң температуралық фон мен қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының тау өзендері бойынша 26-28 наурыз аралығында жоғары еріген-жаңбырлы су тасқыны өтеді деп күтілуде. Алматы облысының төтенше жағдай қызметкерлері азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"