ОҚУШЫЛАР МҰҒАЛІМ БЕРГЕН БІЛІМДІ ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУЫ КЕРЕК

Уақыты: 15.04.2021
Оқылды: 1774
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанның болашағы - келешек ұрпақтың қолында екені даусыз. Болашақ мектеп табалдырығынан басталады. Қазіргі қоғамның алдындағы ең басты міндет – жастарымызды рухы биік патриот ретінде тәрбиелеу.

Қазақ халқы: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соңы ілерсің», - деп тегін айтпаса керек. Отбасынан бастап, ұрпақты рухты, өнегелі қылып тәрбиелесек, еліміздің ертеңі жарқын болатынына сенімдімін. Адам баласының бойында адамгершілік құндылықтары болмай, оның өмірі гүлденбейтіні дәлелденген дүние.

Мен үшін тәрбиедегі ең басты фактор – оқушылардың бойына тұлғалық қатынасты қалыптастыру. Ұрпағымыз тек өз іс-әрекетін ғана түсінбей, сол істеген ісіне баға беріп, нәтиже көрсеткенде ғана болашақтары биік деңгейде болары сөзсіз. Қазіргі жастар тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өмірімен тікелей байланыстырып сабақтастырғанда  ғана еліміздің керегесі кең, терезесі бүтін болары анық.

Жастарға қоғамдық, ұлттық тәрбие бергенде ғана ұлттық құндылықтарды жоғалтпай, одан әрі дамуына үлес қоса аламыз. Демек, ұрпағымызды өз тәрбиемізбен емес, өз жұртымыздың тәрбиесімен тәрбиелесек, олардың 30 дамыған елдің қатарына аяқтарын нық басатыны сөзсіз. Сондықтан, келешек ұрпағымыздың болашағы үшін шаршамай еңбек етейік, ағайын!

Ж.СМАҒҰЛОВА,

Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан