АЛМАТЫ МАҢЫНДАҒЫ ТАУ БЕТКЕЙЛЕРІНЕ ШЫҚПАҢЫЗ, ҚАР КӨШУІ ЫҚТИМАЛ

Уақыты: 15.04.2021
Оқылды: 1084
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматыда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктеріне шығуға тыйым салынады. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент таратқан мәліметке қарағанда, жылымық кезде жауын-шашынның мол түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 13-16 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. «Көшкін жүру қаупі ықтимал болуына байланысты қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар», - делінген ведомстваның хабарламасында.

"Қазгидромет" ауа райы болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпал етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.Тек оңтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте найзағай, бұршақ болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан алынды