БҮГІН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ "САРЫ АЙМАҚҚА" ӨТТІ: ІНДЕТ ЖАЙЛЫ СОҢҒЫ АҚПАРАТ

Уақыты: 17.04.2021
Оқылды: 1554
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында осы уақытқа дейін індеттің зертханалық расталған 18082 дерегі тіркелді. Оның ішінде, өткен тәулікте облыста 232 адамнан коронавирус анықталды. Өңір "сары аймаққа" өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Тіркелген деректің 44-і - Талдықорғанда, 38-і - Іле, 33-і - Талғар, 30-ы - Жамбыл, 29-ы - Еңбекшіқазақ, 13-і - Ұйғыр, 11-і - Панфилов, 10-ы - Қарасай, 5-еуі - Сарқан аудандарында, Ескелді ауданы мен Қапшағай қаласында – 4-тен, Көксу және Балқаш аудандарында – 3-тен, Кербұлақ пен Алакөл аудандарында - 2-ден,  Ақсу ауданында –  1 жағдайдан анықталды. Сырқаттармен байланыста 452 адам болған, олар үй карантинінде, медициналық бақылауда.

Өткен жылдың тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 3068 дерегі тіркелген, ал соңғы тәулікте 10 жағдай Еңбекшіқазақ (6), Жамбыл (3), Ақсу (1) аудандарында тіркелді. Олармен 27 адам байланыста болған, бәрі де үй карантинінде және медицина мамандарының бақылауында.

Ауруханаларда 2617 адам ем алып жатыр, соның 25-і – ауыр халде. Бір тәулікте 296 адам ауруханаға жатқызылды. 226 адам емделіп шықты. Инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы - 60 пайыз. Соңғы 3 күнде ПЦР тәсілімен 11 108 адам тексерілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан