МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ АДАЛ, СЫПАЙЫ ӘРІ ҚАРАПАЙЫМ БОЛУҒА МІНДЕТТІ

Уақыты: 20.04.2021
Оқылды: 1234
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін «Әдеп нормаларын сақтау: басты қағидаттар мен негіздері» тақырыбында Панфилов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен онлайн форматта семинар кеңес өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жалпы жүріс-тұрыс стандарттарына бірқатар пункттер кіреді. Мемлекеттік қызметші адал, әділ, сыпайы, қарапайым болуға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға міндетті. Данышпан Абай Құнанбайұлы:

«Қайрат пен ақыл жол табар, Қашқанға да қуғанға.

Әділет-шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға», - немесе: «Адам баласын заман өсіреді. Кім де кім жаман болса, замандасының бәрі кінәлі», - деген. Әрине, менмендік, өркөкіректік, астамшылық ешкімге абырой әпермейді. Адам баласы мемлекеттік қызметте ғана емес, барлық жерде әдеп сақтаса, арыз-шағым, өкпе-реніш те анағұрлым аз болар еді. Адамға айтылған жақсы сөз, ізгі ниет оның кеудесіне қуаныш ұялатып қана қоймай, өзіңе де шапағаты тиетіні анық. Отанға, туған елге абыроймен қызмет ету – әрқайсымыздың мәртебелі міндетіміз", - делінген Алматы облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбайдың желідегі жазбасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"