АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КЕШЕДЕН БЕРІ 285 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 20.04.2021
Оқылды: 1225
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында соңғы дерек бойынша індеттің зертханалық расталған жалпы 18839 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте коронавирустың 285 дерегі анықталды. Өңір індеттің таралу деңгейі бойынша "сары аймақта" тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның 49-ы - Талдықорғанда, 37-сі - Еңбекшіқазақ ауданында, Талғар ауданында - 25, Жамбыл ауданында - 24, Ұйғыр ауданында - 23, Панфилов ауданында - 22, Іле ауданында - 20, Қарасай ауданында - 15, Кербұлақ ауданында, Текелі қаласында - 14-тен, Қаратал ауданында - 11, Көксу ауданында - 8, Алакөл, Ақсу аудандарында - 7-ден, Балқаш ауданында - 4-тен, Қапшағай қаласында - 3, Райымбек, Кеген аудандарында - 1-ден коронавирус жағдайы анықталды. Олармен 804 адам тікелей байланыста болған. Олар түгел үй карантинінде, медициналық бақылауда жатыр.

Өткен жылдың тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 3276 дерегі тіркелді, ал соңғы тәулікте 44 адам өкпе қабынуына шалдықты. Атап айтқанда, Қарасай (26), Еңбекшіқазақ, Сарқан аудандарында (5-тен) және Талдықорған (8) қаласында. Олармен 53 адам байланыста болған, барлығы медицина мамандарының бақылауында, үй карантинінде.

Бүгінге дейін ПЦР тәсілімен зертханалық тексеруден 573 297 адам өтті, соңғы үш тәулікте тексерілген адам саны 8895-ке жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан