ЖОҢҒАР АЛАТАУЫНЫҢ ҚОЙНАУЫНДА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН СІБІР ТАУЕШКІСІ ЖҮР

Уақыты: 21.04.2021
Оқылды: 1032
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде Сібір тау ешкісі фотокамераға түсіп қалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook парақшасында жариялады.

«Достар, біздің ел ерекше жануарларға бай. Солардың бірі - Сібір тау ешкісі. Бұл керемет тұяқтылар Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде камераға түсті», - деп жазды ол.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"