ЖАРКЕНТТЕГІ ЕКІ ЖАСӨСПІРІМ БЕНЗИНГЕ УЛАНЫП ӨЛГЕН БОЛУЫ МҮМКІН

Уақыты: 08.05.2021
Оқылды: 1264
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жаркентте гараждан 17 жастағы екі жеткіншектің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, жәбірленушілер автокөлікті жөндеу кезінде бензин буымен уланған.

Алматы облысының полиция департаменті оқиғаны растап, пікір білдірді. «Алматы облысының полиция департаменті Панфилов АПБ тергеу-жедел тобы Жаркент қаласындағы жеке үйлердің біріне шақырту бойынша келіп, үйдің гаражынан екі кәмелетке толмаған баланың (екеуі де 2004 жылы туған) мәйітін тапқанын хабарлайды. Қинап өлтіру белгілері анықталмады. Алдын ала болжам бойынша, жәбірленушілер автокөлікті жөндеу кезінде бензинге уланған», - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан