АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕДІ

Уақыты: 12.05.2021
Оқылды: 1289
Бөлім: КҮНДЕРЕК

12 мамырдағы мәлімет бойынша Алматы облысында барлығы зертханалық расталған 23 452 коронавирус жағдайы тіркелген. Соңғы екі аптада облыста індет жұқтыру көрсеткіші төмендеген. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Оның ішінде симптоммен 14 347 адам бар. Жалпы, 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіші 1097,2-ні құрады. Облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,9-дан 0,8 пайызға дейін төмендеді.

Соңғы тәулікте облыста коронавирустың 162 жағдайы анықтылды. Өсу қарқыны – 0,7%, оның ішінде, 129 симптомдық және 33 симптомсыз жағдай белгілі болды. Індет анықталған 162 жағдайдың 9,2 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында.

Былтыр көктемнен бері Алматы облысында барлығы 19 154 адам ковидтен жазылып шықты. Бір тәулік ішінде стационардан 37 пациент шығарылды. 58 адам үйдегі оқшаулаудан босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"