ҰЙҒЫР ЖӘНЕ РАЙЫМБЕК АУДАНДАРЫНДА 2 БАЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 17.05.2021
Оқылды: 1487
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі туралы ақпарат жариялады. ҚР Білім және ғылыми министрлігі Ғылым комитеті сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 16 сағат 41 минут 08 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 243 км жерде, Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Қазақстан аумағында (таулы жер, Тигермен ауылынан 40 км қашықтықта) орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. MPV магнитудасы - 4.0. Эпицентрдің координаттары 43.28° С. Е. 79.90°ш.б.
Тереңдігі - 15 км. Сезгіштігі туралы мәліметтер (МБК-64 шкаласы бойынша): Райымбек ауданы Шалкөдеде, Ұйғыр ауданы Кетмен ауылында - 2 балл.

Қаза болғандар мен бүлінген нысандар туралы хабарлама түскен жоқ.

Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:

- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз;
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"