ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНДА ДЕМАЛЫП ЖҮРГЕН ОН АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Уақыты: 16.05.2021
Оқылды: 788
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қапшағай су қоймасында әуесқой байдаркашылар құтқарылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Сағат кешкі 20:19-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Қапшағай қаласынан бес шақырым жерде, «Қарлығаш» демалыс аймағының маңындағы аралда әуесқой байдаркашы он адам, оның ішінде, он үш жастағы 2 бала қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олар сағат 19.12-де ауа райы жағдайына (көшпелі бұлт, екпінді жел) байланысты байдаркадағы су демалысы кезінде жақын аралға тоқтаған.

Шақырту орнына дереу құтқарушылар жіберілді. Қапшағай қаласының жедел-құтқару жасағының күшімен барлық әуесқой байдаркашылар құтқарылды. Авариялық-құтқару операциясына Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қапшағай қаласы жедел-құтқару жасағының екі құтқарушысы бір бірлік техникамен шықты. Олардың барлығы жағаға аман-есен жеткізілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"