ҮЙІН САҒЫНЫП, ӘСКЕРДЕН ҚАШҚАН АЗАМАТ САРЫӨЗЕК КЕНТІНДЕ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 23.05.2021
Оқылды: 746
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында әскерден қашып кеткен қатардағы жауынгер ұсталды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы үйін сағынғандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірген.

Қатардағы жауынгер Д.түнгі сағат 3:00 шамасында қолға түсті. Оны әскери полиция қызметкерлері Сарыөзек стансасынан тапқан. «Қашып кеткен азамат үйін сағынғандықтан осындай қадамға барғанын айтты. Қазір ол Отан алдында борышын өтеп жатқан әскери бөлімшеге жеткізілді. Оған қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Соған сәйкес тиісті тәртіптік шара қолданылатын болады», - делінген Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 14 мамыр күні Алматы облысының Заречный ауылында орналасқан 5574 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Д.қашып кеткен еді. Оны әскердің жеке құрамы іздеп, қолға түсірді. Айта кетейік, Д.Шығыс Қазақстанның Жарма ауданынан әскерге шақырылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"