ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАНАШЫР ЖАСТАРЫ 700 КЕЛІДЕН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАДЫ

Уақыты: 25.05.2021
Оқылды: 1133
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Киелі табиғат» экологиялық жобасы бастау алды. Аталмыш жоба аясында барлық аймақтарда эко-қозғалыстар құрылып, жастар арасында экологиялық мәдениет құндылықтары насихатталады. Осыған орай Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және жергілікті атқарушы органдардың мұрындық болуымен Текелі қаласында «Киелі табиғат» жобасы аясында экологиялық плоггинг өткізілді.

Бұл туралы "Жетісу" газеті Текелі қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған акцияға Текелі қаласының жастары мен еріктілері қатысып, "Достық" шағынауданындағы Қаратал көшесі бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ерікті жастармен 700 кг-нан астам қоқыс жиналды.

Шара соңында Текелі қаласы әкімінің орынбасары Айнұр Мейірханова мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Елдар Сапаров акцияға қатысқан жастарға ризашылығын білдіріп, белсенділік танытқан еріктілер Алғыс хаттармен марапатталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"