КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛДІ: ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

Уақыты: 26.05.2021
Оқылды: 1419
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жамбыл аудандық жедел штабы бүгін терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуде. Бұл туралы "Жетісу" газеті Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылының аумағында қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, терроризмге қарсы оқу-жаттығулар басталды. Осыған байланысты Қарақыстақ ауылы тұрғындарынан сабырлық сақтауды және өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауды сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.

Оқу-жаттығуды өткізу кезеңінде шектеу шаралары көзделетін болады, көрсетілген елді мекенде көлік құралдарының қозғалысы ішінара шектеледі. Сондай-ақ, Қарақыстақ ауылы тұрғындарының назарына ҚР ӘҚБтК 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"