ІЛЕ АУДАНЫНДА 2005 ЖЫЛЫ ТУҒАН БОЙЖЕТКЕН ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ

Уақыты: 28.05.2021
Оқылды: 1177
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Іле ауданында 2005 жылы туған қыз бала өзіне қол жұмсады. Оқиға Түймебаев ауылында болған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

«Кәмелет жасына толмаған қыз бала асылып қалды. Ол үйдің қорасында асылып тұрған жерінен табылды. Сараптама тағайындалды. Алғашқы тексеруде оның денесінде қинап өлтіру белгілері анықталмаған», - деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігіне сәйкес «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ресми өкілдің мәлімдеуінше, өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"