ҚАПЕРДЕ ҰСТАҢЫЗ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА СІЗ БЕН БІЗГЕ ҚАЖЕТТІ ТӨРТ ЕРЕЖЕ

Уақыты: 30.05.2021
Оқылды: 1455
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жаз мезгілі балалар үшін ең қуанышты кез. Тоғыз ай оқудан босаған әрбір оқушы демалыс кезін қызықты өткізгісі келеді. Бірі ата-анасымен қалаларды қыдырса, енді бірі демалыс аймақтарына барғанды ұнатады. Осы кезде қауіпсіздік шарасын қатаң ұстанған абзал.

Жаз мезгілінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың ең басты міндеті. Егер де сіз балаңызды бір жерге жіберетін болсаңыз, онымен сақтық шарасын ақылдасып, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіңіз. Сонымен қатар, мұқият қауіпсіздік шарасын түсіндіріп, келеңсіз оқиғадан аулақ болуын қатаң ескертіңіз.

Көптеген жағдайда жас жеткіншектер демалыс аймағында түрлі оқиғаларға душар болады. Мысалға суға шомылу уақытында рұқсат етілмеген жерге және өзен-көл жағасында жағадан алыс аймаққа жүзіп кету жайлары көп кездеседі. Мұның соңы қайғылы жағдайға әкеп соғатыны анық. Осы ретте құтқарушылар және төтенше жағдай қызметінің ескертпелерін естен шығармаған жөн.

Осындай олқылықтарды орындамағанның салдары орны толмас қайғы әкеледі. Әсіресе, ата-ана балаларына мұқият қараған дұрыс. Кішкентай балаларды қараусыз қалдыру жайттары да көп кездесіп жатады. Табиғат аясында түрлі қауіпті жағдайлар бар. Нақтырақ айтқанда, балалардың адасып, жоғалып кетуі, зиянкес жәндіктердің шағып алуы және суға батып кету секілді оқиғалар жиі кездеседі.

Бұл жайттардың барлығы мектеп кезінде ұстаздар мен оқушының арасында кеңінен талқыланған. Демалысқа шығар алдында қауіпсіздік шарасы жайлы айтылып, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Ендігі біздің міндет – осы ескертпелерді орындау, естен шығармау.

Мамандар жас балаларға мынандай қауіптен қорғанып жүруді ескертеді:

1.Бастан күн өтіп кету мәселесі. Бұл да адам баласының денсаулығына қауіп төндіретін қиындықтың бірі. Күннің ыстығында балаңыздың басына міндетті түрде баскиім кигізіңіз. Балаңыздың ұзақ уақыт бойы тікелей күн сәулесінің астында жүрмеуін қадағалауға тырысыңыз.

2.Жаз мезгілінде балаға көп су беріңіз. Ол денсаулыққа пайдалы және баланың сергек жүруіне септігі тиеді.

3.Тәтті газдалған сусындардан аулақ болыңыз, бұл одан әрі шөлді күшейте түседі.

4.Ауа өткізетін киімге назар аударғаныңыз жөн. Улы жәндіктер бұл да қауіптің бір түрі. Баскиім кене шағудан қорғауға көмектеседі, оны орманға немесе саябаққа барған кезде әрқашан балаңызға кигізіп жүріңіз. Сондай-ақ, кене шағу қаупі жоғары болса, аяқ-қолыңызды жауып тұратын киім киген жөн.

Осындай сақтық шарасын қатаң ұстаңыз, бұл сіздің де, баланың да болашағы үшін керек. Демалыс кезін қызықты өткізіңіз, есте қалатын қызықты сәттердің көп болғанын дұрыс. Ол сіздің өміріңізді қуанышқа бөлейді. Әйтсе де, сақтық шарасына көңіл бөліңіз!

Назым НҰРӘДІЛ,

І.Жансүгіров атындағы ЖУ-дің 3-курс студенті

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан