ҚАПШАҒАЙДА БЕС ЖАСӨСПІРІМ СУҒА БАТЫП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 29.05.2021
Оқылды: 1094
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қапшағайда суға батқан 5 адам құтқарылды. Оның біреуі жағалауға ес-түссіз халде жеткізілген. Бұл туралы "Жетісу" газеті облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасын патрульдеу кезінде №6 қалалық жағажай маңында суға батып бара жатқан бір топ адамды байқап қалған. Жедел жүргізілген құтқару жұмыстарының нәтижесінде жағалауға 2002-2004 жылдары туған 5 жасөспірім жеткізілді. Оның біреуі ес-түссіз жағаға шығарылып, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін есін жиды. Ол "Жедел жәрдем" қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, жастар Алматы қаласынан Қапшағайға демалуға келген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"