ШАРЫН ШАТҚАЛЫНДА КЕНЕТТЕН ҚАТТЫ СЕЛ ЖҮРІП, ЕКІ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 30.05.2021
Оқылды: 984
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам көз жұмды. Алты адам зардап шекті. Тағы бір адам хабарсыз кеткен. Қайғылы хабарды Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті растады.

Ресми хабарламада көз жұмған адамның бірі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім екендігі айтылды. «Күндізгі сағат 13:35 шамасында Шарын шатқалында сел жүріп екі адамның мерт болғаны жөнінде хабарлама түсті. Оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Зардап шеккендерге жедел түрде медициналық көмек көрсетілді», - деп мәлімдеді аталмыш департаменттің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, желіде Шарындағы селдің қалай жүргені туралы бейнежазба (үстінен басыңыз) тарады. Онда лайлы су жоғары қарқынмен ағып өткені, адамдардың жартас жанында көмек күтіп тұрғаны түсірілген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"