ЖЕЛ, НАЙЗАҒАЙ, ЖАҢБЫР: ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДА АУА РАЙЫ КҮРТ ӨЗГЕРЕДІ

Уақыты: 31.05.2021
Оқылды: 1886
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдын ала ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 1 маусымда Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Найзағай кезінде жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді", - делінген төтенше жағдай департаментінің ресми мәлімдемесінде. Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды