АҒАШ ТҮБІНДЕ ОТЫРҒАН ЕКІ АДАМҒА НАЙЗАҒАЙ ТҮСІП, ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Уақыты: 01.06.2021
Оқылды: 1104
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жаркент қаласында екі адам найзағайдан мерт болды. Қайғылы оқиғаны Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады.

Панфилов ауданы әкімдігінің хабарлауынша, найзағай соққан екі ер адам да Жаркент қаласының тұрғындары. «Кешкі уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдады. 1965 және 2002 жылғы екі ер азамат жаңбыр кезінде ағаштың түбінде отырған. Сол кезде оларды найзағай соққан», - деді әкімнің баспасөз қызметінен.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"