АПТАП ЫСТЫҚ, ШАҢДЫ ДАУЫЛ, НАЙЗАҒАЙ: АЛДАҒЫ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Уақыты: 03.06.2021
Оқылды: 1248
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты маңызды ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 4 маусым күні Алматы облысының кейбір аумақтарында найзағай күтіледі, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, күндіз облыстың кейбір өңірлерінде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі және жоғары өрт қаупі сақталады.

"Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Жел батыстан соғады. Найзағай кезінде желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады", - делінген департаменттің ресми хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан