ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА МАС ЖІГІТТЕР ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫҒА ҚОЛ КӨТЕРІП, ЛАҢ САЛДЫ

Уақыты: 03.06.2021
Оқылды: 1086
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жамбыл ауданында 22-24 жастағы мас жігіттер ерлі-зайыптыларды соққыға жықты. Бұл туралы "Жетісу" газеті облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында болған. «Жамбыл ауданының полициясына Қасымбек ауылының тұрғыны шағымданды. Әйелдің айтуынша, белгісіз үш жігіт өзін және күйеуін соққыға жыққан. Тексеру барысында 22-24 жастағы осы ауылдың тұрғындары анықталды. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігімен бұзақылық бойынша тіркелді», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, осы оқиға бойынша жәбірленушілердің жарақат дәрежесін анықтау мақсатында қажетті сараптамалар тағайындалған. «Ұсталған үш адамның екеуінің ішімдік ішкені арнайы медициналық тексеру барысында анықталды», - деп толықтырды полицияның баспасөз қызметі.

Алдын ала бейресми ақпаратқа сәйкес, белгісіз ер адам өзгенің тұрғын үй қоршауының жанында дәрет сындырған. Жанжал сол сәттен басталған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"