ЖАҢБЫР, БҰРШАҚ, ЖЕЛ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ ӨЗГЕРЕДІ

Уақыты: 13.07.2021
Оқылды: 1172
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдын ала ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде Іле және Жетісу Алатауы тауларында, сондай-ақ, Алматы облысының таулы аймақтарында жаңбыр, бұршақ жауады. Кей жерлерде күн күркірейді, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні - 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар, облыста өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"