ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕКІ БАЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІН СЕЗДІ

Уақыты: 19.07.2021
Оқылды: 1238
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тағы бір жер сілкінісі туралы ақпаратты тіркеді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті "СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі 2021 жылғы 18 шілдеде Алматы уақытымен 17 сағат 45 минутта жер сілкінісін мәлімдеген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан онтүстік-батысқа қарай 88 шақырым жерде, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.4. MPV магнитудасы - 4.1. Эпицентрдің координаттары - 42.98° с.ш. 75.88° в.д. Тереңдігі - 15 шақырым. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Қастек ауылында - 2 балл.

Алматы облысы ТЖ департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін, "Қазселденқорғау", прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті. Қазіргі таңда жағдай тағы да нақтылануда, қираулар мен құрбан болғандар туралы хабарлама түскен жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"