ЖАҢБЫР, ЖЕЛ, ҚАТТЫ ЫСТЫҚ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУІ

Уақыты: 22.07.2021
Оқылды: 1549
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алдын ала ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 22-23 шілде күндері Алматы облысының кейбір аймақтарында жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар, 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Қатты ыстықтың салдарынан өрт шығу қаупі жоғары екенін естеріңізге саламыз.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады. Ауа райына қатысты осындай маңызды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпараттарды жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуға кеңес береміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан