АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 42 ГРАДУСҚА ДЕЙІН АПТАП ЫСТЫҚ: АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Уақыты: 24.07.2021
Оқылды: 1215
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдағы төрт күнге қатысты алдын ала ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 24-27 шілде күндері Алматы облысының кейбір аумақтарында 40-42 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі. Сонымен қатар, елді мекендер мен далалы жерлерде өрт шығу қаупі жоғары болады.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады. Егер осындай ескертулерді, басқа да шұғыл ақпаратты жедел алғыңыз келсе, «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктегеніңіз абзал.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды