САРҚАНДА ЖАСЫ СЕКСЕННЕН АСҚАН ӘЗ-ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ

Уақыты: 25.07.2021
Оқылды: 854
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Екіаша ауылында жасы 80-нен асқан Нұршат пен Ханшайым әжелер сайлаудан тысқары қалмай, өз дауысын берді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қос әжеміз ақ батасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып өтті. «Бүгінгі сайлау біздер үшін маңызыды. Ауылымыздың әкімін бір ауыздан сайлап, ауылдың кемел келешегін жаңа басшыға сеніп тапсырмақпыз. Сондықтан да сайлаудан тысқары қалмай, өз дауысымды беруге келдім. Әр тұрғын өткізіліп жатқан сайлаудың маңыздылығын түсініп, таңдауды дұрыс жасайды деген сенімдемін», - деді қарт аналардың бірі.

Естеріңізге саламыз, Алматы облысында 235 кандидат саяси бәсекеде бақ сынауда. Алдын ала жоспар бойынша 220 мыңнан астам тұрғын сайлауға қатысуы тиіс. Соның ішінде, Ақсу ауданының 3 округі бойынша 3 мыңға жуық сайлаушы өз дауысын бермек.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"